Швейцария халық санын шектеу үшін Шенген аймағынан шығуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Швейцарияда 14 маусым күні елдің көші-қон саясатын қайта қарауды көздейтін «10 миллиондық Швейцарияға жол жоқ!» бастамасы бойынша референдум өтеді.

Швейцария халық санын шектеу үшін Шенген аймағынан шығуы мүмкін
Фото: Report

Report агенттігінің хабарлауынша, бастамаға сәйкес, егер 2050 жылға қарай Швейцария халқының саны 9,5 миллион адамға жетсе, билік халық санының одан әрі өсуін тежеу шараларын қабылдауы тиіс болады.

Мүмкін болатын шаралардың қатарында Еуропалық Одақпен еркін жүріп-тұру туралы келісімдерден бас тарту, сондай-ақ Швейцарияның Шенген аймағы құрамынан шығу мәселесі қарастырылып отыр.

Leewas компаниясы 22–23 сәуір күндері жүргізген сауалнама нәтижесіне сәйкес, ел тұрғындарының 52 пайызы халық санын 10 миллион адам деңгейінде шектеу идеясын қолдаған.

Осыған дейін неміс демографы әлемде жыл санап халық саны азайып бара жатқанын айтты.