Швейцариядағы элиталық курортта мерекелік түн адам өлімімен аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Швейцарияның Кран-Монтана тау шаңғысы курортында өткен түні жарылыс болып, адам шығыны тіркелді. Бірнеше адам өте ауыр күйік пен жарақат алған. Бұл туралы BILD хабарлады.

Праздничная ночь на элитном курорте в Швейцарии закончилась гибелью людей
Фото: BILD

Швейцариялық Blick басылымының мәліметінше, шамамен сағат 01:30-да Жаңа жылды тойлау кезінде Le Constellation ойын-сауық орнынан өрт шыққан. Аталған мекеме жертөледе орналасқан. Өрттің шығуына концерт барысында қолданылған пиротехникалық құралдар себеп болуы мүмкін. Бұл нұсқаны бірнеше куәгер RhoneFM жергілікті радиостанциясына да растаған.

Құтқару қызметтері ауқымды операция жүргізіп жатыр: оқиға орнында жедел жәрдем көліктері мен тікұшақтар жұмылдырылған. Полицияның хабарлауынша, өрт таңға жуық бақылауға алынған.

Қаза тапқандардың нақты саны әзірге белгісіз, алайда ол өте көп деп бағаланып отыр. RhoneFM деректеріне сәйкес, ондаған адам қаза табуы мүмкін.

Ал Blick жазуынша, анонимді дереккөз шамамен 40 құрбан туралы айтқан. Полиция мәліметінше, жарылыс кезінде жертөледегі мекемеде 100-ден астам адам болған.

Кран-Монтана Вале кантонында орналасқан және көптеген танымал қонақтары бар элиталық курорт саналады. Мерекелік күндері курорт әдетте лықа толады: шамамен 10 мың тұрғынға 2600 қонақүй орны келеді.

Бұдан бұрын Швейцария президенті елге миллиардтаған шығын келтірді деп айыпталып отырғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар