Швейцариядағы курортта болған өрттен француз футболшысы зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Швейцариядағы курортта орналасқан «Le Constellation» барында шыққан өрт салдарынан зардап шеккендердің арасында Францияның «Мец» футбол клубының 19 жастағы ойыншысы Тахирис Дос Сантос бар. Бұл туралы Kazinform меншікті тілшісі хабарлайды.

Перспективный французский футболист пострадал в ходе пожара в Швейцарии
Фото: x.com/FCMetz

Француз БАҚ-тарының мәліметінше, жас футболшы ауыр жарақат алып, Германияның Штутгарт қаласындағы күйік шалған науқастарды емдеуге маманданған медициналық мекемеге жеткізілген.

Оның агенті Кристоф Юттоның айтуынша, дәрігерлердің бастапқы болжамына қарамастан, футболшы жасанды тыныс алу аппаратына қосылмаған.

— Ең бастысы, дәрігерлер күткендей, оны өкпені жасанды желдету аппаратына қосудың қажеті болмады. Өкпесінің тыныс алу көлемі өздігінен қалпына келді, сондықтан өмірді қамтамасыз ету аппараты қажет емес. Қазір нақты болжам айтуға әлі ерте. Оны күйік бөлімшесіне ауыстырғанын ескерсек, Тахиристің физикалық жағдайы, өкінішке қарай, өте ауыр екенін түсінуге болады, — деді агенті.

Еске сала кетейік, Швейцарияның Кранс-Монтана курортында болған өрт салдарынан шамамен 100 адам ауыр хәлде жатыр. Қайғылы оқиға кезінде 40-тан астам адам қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар