Швейцариядағы тау шаңғысы курортын қалың қар басты

АСТАНА. KAZINFORM –  Швейцария мен Солтүстік Италиядағы Альпі тауларының едәуір бөлігін қалың қар жапты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі BILD басылымына сілтеме жасап.

Швейцариядағы тау шаңғысы курортын қалың қар басты
Фото: BILD

Церматт атты танымал тау шаңғысы курорты қатты зардап шекті. Қазіргі уақытта ол сыртқы әлемнен толықтай оқшауланған. 2500 метр биіктікте қардың қалыңдығы бір метрге дейін жеткен, ал елді мекеннің өзінде жарық сөніп қалған.

Церматтқа апаратын жол жабық, теміржол қатынасы тоқтатылған яғни, курорт оқшау күйде қалды. Жергілікті билік тұрғындарға үйде болуға шақырып, SMS хабарламалар жіберді. Жергілікті БАҚ мәліметінше, жұма күні таңертеңге дейін жарық қалпына келтірілмеген, себебі мұз бен қар салдарынан электр желілері зақымданған, бұл апатты жоюға кедергі келтіріп жатыр.

Келушілердің негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін бейсенбі кешке бір спорт залында ыстық сорпа берілген. Сондай-ақ ұялы телефондарды қуаттауға арналған қоғамдық станция орнатылған. Альпі тауларындағы ең биік Matterhorn Ski Paradise шаңғы аймағында барлық көтергіш екі күнге тоқтатылды.

Кантон билігі тұрғындарға орманда, ағаштардың жанында және су қоймалары маңында серуендеуден, сондай-ақ шаңғы турларынан бас тартуға кеңес берді. 

Айта кетелік кеше Катонқарағайда да қар жауған еді.

Соңғы жаңалықтар