Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шығыс-Батыс дилеммасындағы қазақстандық даму жолы" деп аталатын жаңа кітап шықты

АЛМАТЫ. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың бір салдары бұрын басымдыққа ие болып келген Батыстағы кейбір құндылықтардың дұрыс еместігінде. Бұл туралы бүгін Алматыда "Шығыс-Батыс дилеммасындағы қазақстандық даму жолы" деп аталатын жаңа кітаптың тұсаукесерінде айтылды.

Шығыс-Батыс дилеммасындағы қазақстандық даму жолы" деп аталатын жаңа кітап шықты

"Дағдарыс бұған дейінгі басымдыққа ие болып келген көптеген құндылықтардың аса дұрыс еместігін көрсетті. Қазір бүкіл әлем батыстық даму жолына балама іздеп жатыр. Шығысты да бір балама ретінде қарауға болады", -дейді кітап авторларының бірі профессор Сағади Бөлекбаев.

Философия ғылымы докторының айтуынша, Қазақстан дамудың бастапқы кезеңдерінде батыстық жолға бұрылып кеткен еді. Дағдарыс қазір бұл жолдың терістігін көрсетіп отыр. Бұл қаржылық-экономикалық дағдарыстан шығыстағы көптеген елдер жеңіл шығып жатыр. Сондықтан бұл мәселе жан-жақты терең зерттеуді қажет етеді.