Шығыс Қазақстан әкімдігі ҚР Қала құрылысшылары одағының дипломымен марапатталды

ӨСКЕМЕН.  Шілденің 3-і.  ҚазАқпарат /Людмила Малько/   -  Қазақстанның Қала құрылысшылары  одағының  жақында өткен VIII форумында  таныстырылған жобаларды  қараудың  қорытындысы  бойынша,  Шығыс Қазақстан облысының   әкімдігі   қала  құрылысы  дамытуға қосқан   айтулы  үлесі   үшін     Қазақстанның  Қала  құрылысшылары  одағының  дипломымен  атап  өтілді,
None
None

 деп   хабарлайды ҚазАқпарат   облыс әкімінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап.

Бұдан бұрын   хабарлағандай,    аталмыш  форумда Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев қала құрылысы, құрылыс және сәулет саласының алдына жаңа міндеттер  қойған болатын.

Аймақ   форумында      қалалар  мен елді мекендердің бас жоспарларының  жобалары таныстырылып еді.  Елбасы  Өскемен мен  Семейдің бас жоспарларының  әзірлеу барысымен  танысып,   Шығыс Қазақстан әкімдігінің    және  аймақтың  сәулет мектебінің  жұмыстарына  жоғары баға берген болатын.

Соңғы жаңалықтар