12:59, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстан: әйелдер жайлы статистика
СЕМЕЙ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Қазіргі кезде Шығыс Қазақстан облысында 745 мыңға жуық әйел тұрады, бұл ерлерге қарағанда 11 пайызға артық.
Ұлдардың дүниеге көп келетініне қарамастан (туған 100 қызға 105 ұлдан келеді) ерлердің басым түсуі 30 жасқа дейін сақталады да, бұдан кейін нәзік жанды өкілдер саны басым бола бастайды. Сөйтіп, 60 жас шамасындағы 100 ер адамға сол жас шамасындағы 137 әйелден, 70 жастағы 100 еркекке тиісінше 166 әйелден келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Әйелдердің жасының ұзақтығы ерлерге қарағанда 13 жылға көп және орташа ғұмыры 72 жасты шамалайды. Білім алу деңгейлерінде гендерлік айырмашылықтар бар. Мектеп бітіргеннен кейін қыздар ЖОО-да және колледждерде оқығанды қалайды. Жоғары оқу орындары мен аспирантура студенттерінің ішінде нәзік жанды жандардың үлесі 62 пайызды, колледждерде оқитындардың ішінде жартысынан көбін құрайды. Кәсіптік мектептерде жас жігіттер басым ? оқушылардың жалпы санынан 70 пайызға жуығы солардың үлесінде.Қыз-келіншектер көбінесе білім беру, медицина, мәдениет және өнер, экономикалық және қызмет көрсету салалары мамандықтарын қалайды. Жоғары оқу орындарында оқитын студент қыздардың 85 пайыздан астамы жаратылыс-ғылыми, гуманитарлық-әлеуметтік, педагогикалық және әлеуметтік мамандықтарды игереді.Бүгінгі күні экономикадағы әйелдер рөлінің анағұрлым артып отырғаны ақиқат. Әйелдер қызметтің барлық салаларында жұмыспен қамтылған. Статистика департаментінң мәліметтері бойынша, әйелдер ерлерге қарағанда ұзақ өмір сүреді, дегенмен олардың табатын жалақысы аз. 2008 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әйелдердің орташа айлық жалақысы 39261 теңгені құрап, 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,1 пайызға артты.