Шығыс Қазақстан ғалымдары ЕАЭО құрамында Қазақстан Республикасының даму перспективаларын талқылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одаққа үш елдің бірігуі - дүние жүзі халқын елең еткізген ауқымды тарихи оқиға болды. Қол қойылған стратегиялық құжатқа Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да өткен кездесу барысында осы тарихи оқиғаны талқылаған Шығыс Қазақстанның ғалымдары да бей-жай қарамады.
None
None

ЖОО ректоры Нұрлан Темірбековтың айтуынша, үш қатысушы - Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің ынтымақтастығында жаңа маңызды бет ашылды. Бұл интеграция экономика, ғылым мен білім, медицина, мәдениет, туризм сияқты көптеген бағыттар бойынша өнімді өзара іс-қимылдың жаңа деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

«Біз ғаламдық өзгерістердің табалдырығында тұрмыз. Жалпы еуразиялық кеңістік біздің алдымызда жаңа мүмкіндіктер мен ғаламат перспективалар ашады, - деп атап өтті Нұрлан Темірбеков. - Олардың ішінде - бірыңғай еуразиялық білім беру кеңістігін құру, заманауи үдерістер талаптарына бейімделген, шет тілдері мен жоғары технологияларды жетік меңгерген, табысты да бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандардың жаңа толқынын қалыптастыруды көздейді. Интеграция кезінде ғылыми салада да елеулі үрдістер орын алады. Белгілі болғандай, ғылымда шекара, ұлт деген болмайды, Еуразиялық экономикалық одақ аясында үш ел ғалымдарының тамаша иедялары мен бірегей тәжірибелерінің бірігуі ғылыми байланыстарды одан әрі нығайтуға, кеңейтуге, сондай-ақ инновациялық ғылыми қызметті дамытуға елеулі қадам жасауға мүмкіндік береді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ломоносов атындағы МГУ-де сөз сөйлеген сол бір тарихи күннен бастап жиырма жыл уақыт өтті. Ол жұртшылық назарына «Еуразиялық мемлекеттер одағын құру туралы жоба» ұсынды. Енді міне бүгін сол жоба шындыққа айналды», - деді Н. Темірбеков.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ экономикалық теория және нарық кафедрасының профессоры Сағаладин Жұманазар құжатқа қол қою ұлттық экономикалардың бірігіуінен де жоғары мүддені қамтитынын атап өтті. «Елдерді біріктіретін экономикадағы терең құрылымдық өзгерістер нәтижесінде аумақтық-экономикалық және әлеуметтік салада оңтайлы теңгерімді шаруашылық туындауы тиіс, онда өндіріс аз шығынмен, ауқымды табыспен, еңбек өнімділігінің жоғарылығымен жүзеге асырылады. Құрылымдық қайта құрулар ресурстар интеграциясы есебінен интеграцияланған елдерде өндірісті кеңейтуге, дамудың теңсіздіктерін жоюға, қоғамдық әл-ауқатты арттыруға мүмкіндік береді». Профессор-экономист тыңдаушыларға тарихта әлемдегі түрлі елдердің Одаққа, Қоғамдастыққа біріккені туралы өз талдауын ұсынды. Онда ғалым осындай бірлестіктердің нәтижесі мен алынған тәжірибесін қорытындылады.

Ол бүгінгі күнгі қолдағы мысалдар ЕАЭО елдері өз әлеуеттерін біріктіру арқылы өз экономикаларын барынша тиімді қалыптасыра алатынын көрсетеді, деді.

Тақырыпқа жас ғалымдар қызғушылық танытты. Магистранттар мен докторанттар бірнеше сұрақтар қойды, тәжірибелі әріптестері мен сарапшылар оларға толыққанды жауап берді.

Кездесуді қорытындылаған ректор Нұрлан Темірбеков жаңа Одақтың орасан мүмкіндіктері бар екенін атап өтті және әр мемлекетке елеулі дивидендтер әкеледі деп күтілуде. Бұл еуразиялық бірлестік жолында кезекті оң қадамның бірі әрі үш елдің экономикалық дамуын жеделдетуге септігі тиетін болады, деп хабарлады ақпарат орталығы.

Соңғы жаңалықтар