Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне Конрад Аденауэр қорының өкілдері келді

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде Конрад Аденауэр қорының өкілдері үшкүндік сапармен болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Орталық Азия, Қазақстан және Оңтүстік Кавказ бойынша аймақтық уәкілетті өкіл Грегор Риссель мен Қордың біздің еліміздегі өкілдігінің басшысы Әлия Мусинаның кездесуі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде өтті. Сапар аясында Қор өкілдері университет ректоры Бейбіт Мамыраевпен кездесті, оқу орнының жас ғалымдары мен студенттеріне стипендиялар тағайындаудың SUR PLACE бағдарламасының таныстырылымын өткізді. Айтпақшы, осындай стипендияны университеттің студенті Ирина Краскова алады. Ирина журналистка факультетінің 4-ші курсында оқиды. Студенттер мен оқытушылар сондай-ақ Грегор Риссельдің әлемдік қаржы дағдарысы туралы дәрісін тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Әлемнің 200-ден астам елінде жұмыс істейтін және жақында Қазақстанда өкілдігін ашып отырған Конрад Аденауэр қоры қызметінің негізгі бағыты - Германия мен әлем елдерінің арасындағы саясат, экономика, білім және мәдениет саласындағы серіктестік байланыстарды нығайту.
Соңғы жаңалықтар