Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде жылу беру маусымына дайындықтың барысы талқыланды

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің мәжілісіне қатысушылар алдағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысын талқылады.

Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде  жылу  беру маусымына  дайындықтың барысы  талқыланды

Облыстық отын-энергетикалық сала басқармасының бастығы Айтқазы Шерубаевтың айтуынша, өңірде арнайы құрылған облыстық және арнайы штабтар осы мәселемен егжей-тегжей айналысуда. Былтырғы қатты қыстың «қаһары» - жылу беру маусымына дайындық стратегиялық маңызды іс екенін және оған егжей-тегжей әзірлену қажеттілігін көрсетті. Өткен қыста мамандардың қырсыздығынан «мұз құрсанған» Солнечный кентінің басына түскен жағдай биыл қайталанбауы керек.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев осы мәселені бірнеше рет баса атап көрсете келе, резервтік қорларды, отын қорын дайындауға айрықша назар аударылуы керек екенін айтты.


Әкім сондай-ақ, комиссия құруды және барлық денсаулық сақтау нысандарының қысқа дайындықтарын тексеруді, жылу маусымы басталғанға дейінгі олардың жұмыстарын жіті бақылауды тапсырды.