Шығыс Қазақстан облысы - этникалық әртүрлілік достық пен тату көршіліктің, бірлікті нығайтудың факторына айналғандығының жарқын мысалы - Нұрсұлтан Назарбаев

ӨСКЕМЕН. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы, өзге өңірлер тәрізді - этникалық әртүрлілік достық пен тату көршіліктің, бірлікті нығайтудың факторына айналғандығының жарқын мысалы.

Шығыс Қазақстан облысы - этникалық әртүрлілік  достық пен тату көршіліктің, бірлікті нығайтудың факторына айналғандығының жарқын мысалы - Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл туралы ШҚО-да этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен болған кездесуінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«1992 жылы Қазақстандағы алғашқы Достық үйін Өскеменде қалай ашқаным менің есімде. Бұл бастама одан кейін еліміздің өзге өңірлерінде қолдау тапты. Өткен жылы мен Қазақстан бойынша алғашқы болып саналатын Өскемендегі этномәдени кешенде болдым. Онда этномәдени бірлестіктердің 16 үйі тұрғызылған»,- деді Мемлекет басшысы.

Елбасы өз сөзінде осы жылдар ішінде облыста 80 ұлттық-мәдени орталықтар құрылғанын, 6 Достық үйі ашылып, тағы біреуі салынатындығын атап өтті. Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан халқына ұлтаралық тұрақтылықты, сыйластық, бейбітшілік пен гүлденуді нығайтуда айтқан бастамалары үшін риза екендігін жеткізді. Н.Назарбаев атап өткендей, Қазақстан болашақта да 140 ұлт пен 46 діни конфессия арасында қалыптасқан қоғамдағы тұрақтылықты нығайта беретіндігіне тоқталды.

Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы болып жатқан оқиғалар энтикааралық өзара қарым-қатынас нәзік түпнегіз екенін көрсетіп отыр, деп атап өтті ел Президенті. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанда бір де бір халықты кемсітуге ешкімнің құқығы жоқ және ел Конституциясы бойынша осындай іс-әрекеттерге тыйым салынған. Елбасы халық бірлігінің кепілі, сол бірлікті барлығымыз бірге сақтап, нығайтуымыз керек.

Н.Назарбаевтың айтуынша, алда халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін елді экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан қайта жаңғырту жөнінде атқарылатын үлкен істер бар. Кездесуге қатысушылар алдында айтқан сөзінде Елбасы Н.Назарбаев Қазақстанның Тәуелсіздік алған сәтінен бастап осы жылдар бойы шындыққа айналған әртүрлі ықпалдастық үрдістерінің бастаушысы болғанын атап өтті, бұл үрдістердің қатарына ең алдымен Кеден одағының құрылуы жатады. Қазақстан Кеден одағына мүше елдер Ресей мен Беларустың жаңа нарықтарына шығуда және де экономиканы үдемелі қайта жаңғырту шикізаттық тәуелділіктен босауға мүмкіндік беріп, бәсекеге қабілетті елге айналуға жол ашады.

Елбасы Шығыс Қазақстан таң қаларлық бай өлке екенін атап өтті. Жер асты байлықтары жетерлік, жоғары технологиялық өндірісі, тамаша табиғаты, индустриялдық, мәдени, гуманитарлық саладағы көптеген бастамаларды қолға алған адамдары бар. «Мен бүгін көп жылдардан бері танитын көптеген өндірушілер және шаруалармен кездестім, өз ісіне берілген бақытты жандарды көрдім», - деп атап өтті Елбасы.

Соңынан Мемлекет басшысы «Наурыз - достық пен гүлдену мерекесі» фестиваліне қатысты.