Шығыс Қазақстан облысында 20 адамды кене шақты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, наурыз айының аяғынан бастап осы уақытқа дейін өңір аумағында 20 адамды кене шаққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында 20 адамды кене шақты
Фото: pinterest.com

Оның ішінде Өскемен қаласында – 12, Глубокое, Ұлан және Алтай аудандарында – 2 адам кенеден зардап шеккен.

«Статистика көрсеткендей, кене энцефалиті эпидемиологиялық маусымында облыс бойынша көп жағдайда Өскемен тұрғындары ауруханаға жүгініп жатады. Ересектер №4 қалалық аурухананың қабылдау бөліміне, ал балалар Ана мен бала орталығында қаралады. Бүгінгі таңда жалпы Шығыс Қазақстанда зардап шеккендерге және кене энцефалитінің алдын алу үшін халыққа салынатын иммуноглобулиннің мөлшері жеткілікті», - делінген ақпаратта.

Еске салсақ, осыған дейін ШҚО дәрігерлерінің сирек жасалатын әдіспен жас жігіттің аяғын сақтап қалғаны хабарланған.