Шығыс Қазақстан облысында 300 гектар орман алқабы өртенді

АСТАНА. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 300 гектар аумақты шарпыған орман өрті ауыздықталды,

Шығыс Қазақстан облысында 300 гектар орман алқабы өртенді

деп хабарлайды қазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенбі күні сағат 18.50-де Бесқарағай ауданы Сосновка ауылдық округіндегі Ұянбай учаскесі маңында қураған шөптер жанып, 300 гектар орманды алқапты шарпыды. Өрт ҚР ТЖМ облыстық ТЖД-ның өрт сөндіру қызметінің күшімен 12 сағаттан кейін сөндірілді. Жарақат алғандар мен қаза болғандар жоқ.