Шығыс Қазақстан облысында ағаштарды заңсыз кесу фактілері анықталды

АСТАНА. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Риддер орман шаруашылығы» мемлекеттік мекемесінде орман шаруашылығы жұмыстарын жүргізу барысында 141 720 текше метр көлемінде ағаштарды заңсыз кесу фактілері анықталды.
None
None

Заңбұзушылық 2005-2008 жылдары жасалған, келтірген залал - 884 622,2 мың теңге.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш мекемеде майқарағайдың пісіп-жетілген және қурап кеткен ағаш алқаптарында іріктеп санитарлық кесу жұмыстарын жүргізу ретінде ағаштарды заңсыз кесу жүзеге асырылған. Сонымен қатар ағаш кесу билеті бойынша кесуге екпелер бөлігі, яғни іріктелген ағаштардың белгілеген пайызы тағайындалған, ал шын мәнінде екпелер іс жүзінде толығымен кесілген. Осы ретте алынған сүректердің көлемі ағаш кесу билеттерінде көрсетілген көлемнен біршама артық болған.

2012 жылғы 5 қазанда Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті Риддер ММ-дегі ағаштарды заңсыз кесу жөніндегі материалдарды Бас прокуратураға жолдады. Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 2012 жылдың 22 қарашасында аталмыш факт бойынша екі қылмыстық іс  қозғады.

Соңғы жаңалықтар