Шығыс Қазақстан облысында аймақтар арасындағы таңдаулы жаңажылдық безендіруге конкурс жарияланды

ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев селекторлық кеңес барысында таңдаулы жаңажылдық безендіруге конкурс жариялады.
None
None

 Ол қалалардың және аудандардың басшыларына аймақ тұрғындарының алдағы жаңажылдық мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуы үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін еске салды.

«Қалалар мен аудандар арасындағы жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды. Ал қалалықтардың мерекелік дастарқандарға арзан бағалармен азық-түліктер сатып алу мүмкіндігі дәстүрлі жәрмеңкелерде жасалады», - деді Б.Сапарбаев. Оларды өткізу тәжірибесі аймақ басшысының тапсырмасымен жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар