Шығыс Қазақстан облысында бір жылда 38 спорт нысаны бой көтерді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында бір жылда 38 спорт нысаны пайдалануға берілду, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Өңірде балалардың бұқаралық спортпен айналысуына жағдай жасау үшін қосымша спорт секциялары ашылып жатыр. Бұл туралы ШҚО ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жандос Сайханов мәлім етті.

«Соңғы екі жылда бұқаралық спорт түрлері бойынша қосымша 1 505 тегін спорт секциясы ашылды. Ал, өткен жылы облыс бойынша 38 спорт нысаны пайдалануға берілді. Мүгедектігі бар жандарға арналған спорт клубы жұмыс істеп тұр. Клуб өз қызметін бірнеше бағытта жүзеге асырады, атап айтқанда паралимпиадалық, сурдолимпиадалық қозғалыстар, спешиал олимпикс және иппотерапия. Қазіргі уақытта ҚР Ұлттық құрамасында Шығыс Қазақстаннан ерекше қажеттіліктері бар 42 спортшы ел намысын қорғап жүр», - деді ол.

2023 жыл аймақ спортшылары үшін жемісті басталды. 3 айда ШҚО спортшылары түрлі спорт түрлері бойынша 1 880 медаль жеңіп алды, оның ішінде 642-і алтын, 647-і күміс, 591-і қола медаль.

«31 қаңтар мен 8 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының жастар арасында 4 қысқы спорт ойындары өтті. Жарысқа 11 қысқы спорт түрі бойынша 18 облыстан келген спортшылар қатысты. Жалпы командалық есепте ШҚО командасы 536 ұпаймен 2-орын алды. Сондай-ақ, биыл өңірдің 300 спортшысы 35 халықаралық турнирге қатысады деп жоспарланып отыр», - деді Жандос Сайханов.


Соңғы жаңалықтар