Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шығыс Қазақстан облысында бірінші тоқсанда АҚТҚ жұқтырғандардың саны өсті

СЕМЕЙ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ – Шығыс Қазақстан облысында бірінші тоқсанда АҚТҚ жұқтырғандардың саны өсті – 2008 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 23 оқиғаға артқан,

Шығыс Қазақстан облысында бірінші тоқсанда АҚТҚ жұқтырғандардың саны өсті
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Семей қалалық АҚТҚ жұқтырудың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының деректері бойынша, жыл басынан бері республикада АҚТҚ жұқтырудың 556 оқиғасы тіркелген. Ауру деңгейі Астана, Атырау, Жамбыл, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсе түскен. АҚТҚ жұқтырған емделушілердің жасы ? 20-дан 30-ға дейін. Ауырғандардың жалпы санының 70 пайыздан астамын ер адамдар құрайды. Олардың көбісі ? жұмыссыздар.