Шығыс Қазақстан облысында экстремистік идеяларды тарату проблемасы өзекті күйінде қалып отыр ? облыс әкімінің орынбасары

АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Шығыс Қазақстан облысында экстремистік идеяларды тарату проблемасы әлі де болса өзекті күйінде.
None
None
Жағдайдың бұлайша қалыптасуы бұл мәселеге мемлекеттік органдармен қатар қоғам өкілдерінің, тіпті дәстүрлі дін өкілдерінің де назарын аударуды қажет етіп отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің отырысында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Амангелді Тәженов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда аймақта өткен жылдың соңында тұрғындар арасында арнайы сауалнама жүргізіліп, оған барлығы 1 мың 100 адам қатысқан. Олардың 57 пайызы өздерінің белгілі бір дінге сенетіндігін көрсеткен. 40-тан астам адам қиял-ғажайып, мистикалық құбылыстарға сенетін болып шықты. «Респонденттердің 23 пайызы құдайға сенушілер санының артуына қоғамдық моральдің төмендеуі себеп болып отыр деген пікірде. Ал 22 пайызы азаматтар осы жолға ертеңгі күніне деген сенімін жоғалтқаннан соң барады деген ой айтқан. Бұл сауалнама діннің қоғамдағы ар-ождан мен елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына қатысты мәселелерді шешуде елеулі рөл атқаратындығын көрсетті», - деді әкімнің орынбасары. Оның айтуынша, осы зерттеулер негізінде облыста тұрғындардың экстремистік әрекеттеріне деген көңіл-күйлері де сараланған. «Бізді ерекше алаңдатып отырған жайт, сауалнамаға қатысқан респонденттердің 9 пайызы ақшасын төлеген жағдайда экстремистік ұйымдарға қолғабыс етуге дайын екендігін көрсетті. Яғни экстремистік идеялардың тарауы аймақта өзекті күйінде қалып отыр деуге толық негіз бар»,- деді А.Тәженов.
Соңғы жаңалықтар