Шығыс Қазақстан облысында кадрлар ауыстырылды
ӨСКЕМЕН. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Аймақ басшысының өкімімен кейбір аудан әкімдері жаңадан тағайындалды. Зайсан ауданына - Серік Зайнулдин, Аягөзге - Әнуарбек Мұхтарханов, Ұлан ауданына - Жомарт Мұратов әкім болды.
Серік Зинабекұлы Зайнулдин 1964 жылғы ақпанның 25-інде Зайсанда туды. 1986 жылы Семей зооветеринарлық институтының зоотехник факультетін бітірді. 1986 жылдан 1991 жылдарға дейін «Айнабұлақ» совхозында зоотехник болды, 1993 жылдан бастап - осы совхоздың директоры, одан кейін қызметтік жолында Зайсан аудандық ауылшаруашылығы басқармасында бастық болды. 1997 жылдан 2007 жылға дейін Зайсан ауданы әкімінің орынбасары. 2007 жылғы сәуірдің 10-ынан бері - Қатон-Қарағай ауданының әкімі.
Әнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов 1955 жылғы сәуірдің 6-сында ШҚО Күршім ауданы Ақжар ауылында дүниеге келді. Ол да біраз жылдар түрлі қызметтерде болып, басшылық лауазымдарды атқарды. 2003 жылғы қаңтар айында Курчатов қаласының әкімі, 2007 жылғы қыркүйек айынан бері Зайсан ауданының әкімі болды.
Жомарт Хайдарұлы Мұратов 1965 жылы Киевте туды. Оның қызметтік жолы бизнес саласындағы түрлі басшылық лауазымдарда болды.
2004 жылдан 2009 жылға дейінгі уақытта ол «Жәрдем-Агро» аграрлық-инвестициялық компания ЖШС атқарушы директоры болды. 2009 жылғы маусымның 1-інен бертінге дейін ШҚО Құрылыс басқармасының бастығы болды.