Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіндері жүрді, зардап шеккендер жоқ - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Шығыс Қазақстан облысында өздігінен екі қар көшкіні жүріп, автожолдарды жауып қалды.
ҚР ТЖМ-ның ақпаратына сәйкес, сәрсенбі күні күндізгі сағат он бір жарымда «Өскемен-Зырян» автожолының 63-ші шақырымына 100 текше метр көлемде өздігінен қар көшкіні түсті. Автожол қардан дереу тазартылып, қозғалыс қайта жанданды.
Осы күні түскі сағат 15.00-де «Өскемен-Таулы Үлбі-Солтүстік» автожолының 173-ші шақырымында тағы бір қар көшкіні түсті. Оның көлемі 400 текше метрді құрады. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізілуде.