10:16, 15 Қаңтар 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысында қарлы боранның салдарынан екі ауыл жарықсыз қалды
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат – Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында қарлы боранның салдарынан Глухов және Бірлік кенттері жарықсыз қалып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бесқарағай, Семиярка, Кривинка, Сосновка, Ново-Николаев, Бозтал, Банкөл, Глухов және Бірлік селоларында жарық қаңтардың 14-і күні кешке сөніп қалды», деп хабарлайды төтенше жағдайлар ведомствосынан. Түнде ауданның жеті селосындағы электр желісі жартылай болса да қалпына келтірілді, ал Глухов және Бірлік ауылдарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары бүгін таңертең басталады.