Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын кірістерінің өсу қарқыны төмендеуде

ӨСКЕМЕН.   Шілденің 7-сі.  ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстанда ірі  және орта  кәсіпорындардың кірісі  өткен жылдың   сәйкес  кезеңімен  салыстырғанда 43 пайызға  төмендеп  отыр, 
None
None

деп хабарлады  ҚазАқпарат тілшісіне       облыстық статистика басқармасынан.

Ведомство  мамандары   облыстың    ірі  және орта  кәсіпорындарының  2008   жылғы  және  ағымдағы  жылдың І  тоқсанындағы    қаржы-шаруашылық    жұмыстарының   нәтижелерін    талдап    шықты:  нәтижесінде,    кіріс  73,8 миллиард теңгені  құрап  отыр,  бұл    бұған дейінгі   көрсеткіштерден   әлдеқайда   аз.

 420  ірі және орта кәсіпорынның 266-сы  ғана    табыс тапқан, қалған 154 кәсіпорын      теріс   қаржылық   нәтижемен    отыр.

 Сонымен,   ең  табысты     кәсіпорындардың  тізімінде    өңдеуші  сала  көш бастауда -    жылдың  қорытындысы бойынша бұл  саланың  кірісі -50 миллиардтан  астам теңгені құраған.  Ал сауда саласының кірісі- 18 миллиард теңгені,    ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының кірісі - 1,4  миллиард теңгені,     құрылыс саласынікі - 23,7 миллиард теңгені  құрап  отыр.   Өзге саланың кәсіпорындары  жылдың  қорытындысы  бойынша шағын  кіріске  қол жеткізген.

 Ал кен өндіруші өнеркәсіптің кәсіпорындары   жылды   2 миллиард теңгеден  астам  шығынмен  аяқтаса,  балық шаруашылығының   шығыны - 0,2 миллиард теңгені  құрап  отыр.

 Бірінші  тоқсанның  қорытындысы  бойынша да,  дерлік барлық   саланың  кәсіпорындары (жылжымайтын мүлік операцияларын,   баспананы  жалға  беру  және  тамақтандыру қызметін есептемегенде) шығын көріп  отыр.

 Мамандардың  пікірінше, негізгі себептердің   ішінде маусымдылық факторы  бар,    жылдың басы  шаруашылық  жүргізуші  нысандар үшін әдетте  қиындау: келісімшарттар  жасалады,  тендерлер жүргізіледі,  тағысын тағы.   Сондықтан да,      жалпы Шығыс Қазақстан    бойынша І  тоқсанның  қаржылық  көрсеткіш  сальдосы    17,6  миллиард теңге     көлеміндегі  шығынмен    аяқталып  отыр.

Соңғы жаңалықтар