Шығыс Қазақстан облысында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартады

ӨСКЕМЕН. Шілденің 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында ҚР ТЖМ аймақтық бөлімшесінің бастығы Руслан Нұрбатшановтың жанындағы кеңестің жоспардан тыс отырысы болып өтті. Жедел отырыстың тақырыбы - 2010 жылғы шомылу кезеңінде зардап шегушілері санының өсуіне қарсы тиімді шараларды іздестіру.

Шығыс Қазақстан облысында судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тартады

ҚР ТЖМ аймақтық бөлімшесінің басшысы қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірді: биылғы жылы суға батып кеткендердің саны 35 адамға жетті, бұл өткен жылғыға қарағанда 10 адамға артық. Оның 98 пайызы алкогольді ішімдіктердің буына масайрағандықтан болып отыр.

Қазіргі күні 130-дан астам ерікті көмекшілер аймақ жағажайларында кезекшіліктер ұйымдастыруда. Су-құтқару қызметтері халыққа суда болу қаіпсіздігі ережелерін үйрету үшін кең ауқымды шараларды қолға алуда. Балалардың сауықтыру лагерлері, жаппай шомылу орындарында қажетті қауіпсіздік шаралары мықтап қолға алынды. Енді судағы қауіпсіздік ережелерін бұзғандарды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлері көмекке тартылуда.