Шығыс Қазақстан облысында үсік жүреді деп күтілуде - 11 мамырға арналған ауа райы болжамы

деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Батыс аймағының жекелеген аудандарындағы күн райы болжам бойынша ыстық болады.
Жамбыл облысындағы кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді, жекелеген аудандарда шаңды дауыл болады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кейбір жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен екпінді жел соғуы ықтимал.
Қызылорда облысының кейбір жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с дейін жетеді, шаңды дауыл болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысында 0-5 градусқа дейін үсік жүреді деп күтілуде.
Атырау облысында күн ыстық болады деп күтіліп отыр. Оңтүстік пен шығыста кейбір жерлерде өрт қауіптілігі жоғары болады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысында су деңгейлерінің ауытқулары күтілуде.