Шығыс Қазақстан облысында жылына құрамында алтыны бар 2 млн. тонна кен өндіріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жылына құрамында алтыны бар 2 млн. тонна кен өндіріледі. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған облыстың әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.

Шығыс Қазақстан облысында жылына құрамында алтыны бар 2 млн. тонна кен өндіріледі

Жарма ауданында Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнының тау-кен байыту кешенінің құрылысына тоқталған әкім, жоба қазақстандық және ресейлік инвесторлардың (СЭМЛ компаниясы,  «АлтынАлмас» АҚ,  «Полиметалл» АҚ) қатысуымен жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

Жылына 2 млн. тонна алтынды руда өндіретін жобаның жалпы құны 80 млрд. теңге.

Әкімдік мәліметіне қарағанда, қазіргі күні жоба бойынша 1,3 млрд. теңге игерілген, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды дайындау, жалпы құны 1,5 млрд. теңгеге жабдықтар алуға дайындалу жұмыстары жүргізілуде.  Жобаны іске асыру 2018 жылы аяқталады деп көзделуде.