Шығыс Қазақстан облысындағы апатқа байланысты Үкімет тарапынан жедел шаралар қажет етіледі - Н. Сабильянов

аурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Премьер-Министрінің атына сауал жолдаған депутат Нұртай Сабильянов Шығыс Қазақстан облысында орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді.
None
None

Осыған орай, депутат аталған мәселеге қатысты Үкіметтік комиссия құрылуы тиістігін көтеріп, бірқатар жедел шешімін қажет ететін шараларды алға тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауал барысында 2010 жылғы наурыздың 17-ісінде ауа райының күрт жылынуы салдарынан Шығыс Қазақстан облысының бірнеше аудандарында елді мекендерді су басып, төтенше жағдай қалыптасқанына тоқталған депутат Н. Сабильянов, қазіргі таңда өңірдегі Абай, Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Үржар, Ұлан аудандарының 26 елді-мекенін су басып, жұртшылықтың ауыр зардап шегіп жатқанын атап өтті.

«Су астында 1 мың 187 тұрғын үй, 1 мың 512 қора-жай, 323 қыстақ қалып отыр. 836 тұрғын үй, 479 қора-жай, 24 қыстақ, 8 көпір қирап, республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарды су шайып кеткен. Мыңдаған адам баспанасыз қалды, 8 мың 296 ірі қара мал, 33 мың 400 қой-ешкі, 1 мың 960 жылқы малы қырылған», деді депутат.

Оның айтуынша, өте күрделі жағдай Тарбағатай ауданында қалыптасып отыр. Мәселен, наурыздың 18-19-ы күндері Тарбағатай ауданына қарасты Көкжыра, Жәнтікей, Қызыл-Кесік, Көктүбек ауылдарын су басып қалды. Ал бүгінгі күні аудан бойынша 650 баспана, 748 қора-жай, 50 қыстақ су астында қалған. 423 үй, 465 қора-жай, 24 қыстақ қираған. Әлі де аудан бойынша 34 мың 660 тұрғыны бар 13 ауылдық округтің 33 елді-мекенін су басу қаупі бар екен.

«Қолайсыз ауа-райы мен арнайы техниканың жетіспеуі төтенше жағдайды жою мен оның алдын алу шараларын шұғыл жүргізуге мүмкіндік бермеуде. Осыған байланысты Үкімет тарапынан бірқатар шаралар атқарылса игі. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында қалыптасқан төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылуы тиіс. Су тасқыны салдарынан құлаған, пайдалануға жарамсыз болған үйлерді жаңадан салуға қаржы бөлінуі керек. Апаттан зардап шеккен елді мекендердің азаматтарына шығын болған малдары үшін бюджеттен ақшалай өтемақы төлеуді қарастырған да орынды. Су алып кеткен елді мекендердегі мектептердің оқушыларын оқу процесімен қамтамасыз ету, мектеп түлектеріне бірыңғай ұлттық тест тапсыру және оқу орындарына түсу үшін жеңілдіктер мен жағдайлар қарастыру, бюджет саласы қызметкерлеріне еңбекақысын уақытында төлеу, пайдалануға жарамсыз білім және әлеуметтік нысандарын қайта салуды қарастыру қажет. Бұнымен қоса, ата-аналары су тасқынынан зардап шеккен, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында ақылы бөлімде оқып жүрген студенттерге мемлекеттік грант, білім несиесін беру де шешімін тапса игі», деді Н. Сабильянов.

Сонымен қатар, депутат апат орын алған елді мекен тұрғындарына табыс көзінің жоқтығын ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді, соның ішінде балаларына жәрдемақы беру, атаулы көмек көрсету қажеттігін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар