Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі есепті кездесулердің алғашқы қорытындыларын шығарды.

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өткен аптада облыс басшысы Әділғазы Бергенов бастаған салалық басқармалар бастықтары өңірдің ірі сегіз ауданында – Қатонқарағай, Зырян, Шемонаиха, Бородулиха, Көкпекті, Күршім, Зайсан және Тарбағатай аудандарында есеп беру кездесулеріне қатысты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің пікірінше, аудан әкімдері Өскемен және Семей қалаларының айналасында ет-сүт өндірісін жолға қоюды жеткіліксіз жүргізуде. Таудағы уақытта асыл тұқымды мал басын көбейту, картоп және көкөніс егістіктерінің алқабын көбейту, танап өнімділігін арттыру, егіншілікте суды үнемдейтін технологияларды кеңінен қолдануға баса назар аудару қажет. Аудандар кәсіпкерлері өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдау үшін арнайы құрылған «Даму» қорының және облыстық бюджет қаражаттары есебінен қалыптастырылған «несие қоржынын» дұрыс пайдалана алмай отыр. Өңір басшысы облыс аймақтарының экономикалық дербестігін жандандыру шараларын атап көрсетті. Алайда олардың дотациялық деңгейі баяу төмендеп келеді. Облыс әкімдерінің есептерінде сөйлеген сөзінде Әділғазы Бергенев бүгінде мемлекет ең алдымен әлеуметтік міндеттерге, білім беру және денсаулық сақтау салаларының сапасына, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке жауап береді деп атап көрсетті. Ал қалған мәселелер бәсекелестік ортада дамиды, сондықтан бұл орайда тұрғындар өз белсенділігін арттыра түсуі тиіс, ал жергілікті органдар оларға жан-жақты қолдау көрсетулері қажет. Аудан әкімдерінің есебі одан әрі жалғасуда. Бүгін «облыстық десант» Үржар ауданына аттанды.
Соңғы жаңалықтар