Шығыс Қазақстан облысының әкімі «Нұр Отанның» штаб-пәтерінде жеке мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдады

ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Облыс әкімі Әділғазы Бергенев «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының штаб-пәтерінде жеке мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әділғазы Бергенев қарастырған мәселелердің арасында қала маңындағы аймақты энергиямен қамтамасыз ету, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдерін бөлу, әлеуметтік маңызы бар нысандарды жекешелендіру, қаладағы кәсіпорындар бірінің экономикалық жағдайын тұрақтандыру сияқты сұрақтар болды.Айтылған мәселелер бойынша Әділғазы Бергенев тиісті құрылымдық бөлімшелерге нақты тапсырмалар берді. Енді кері байланыстың мұндай формасы дәстүрге айналып, үнемі қолданыста болады. Ай сайын жеке мәселелер бойынша тұрғындарды қабылдаумен қатар, облыс әкімі «Нұр Отан» ХДП-ның филиалына көмек сұрап келген шығысқазақстандықтармен айына бір рет кездесіп, олардың проблемаларын қарастырмақ.
Соңғы жаңалықтар