10:00, 28 Қараша 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында бірқатар білім мекемелері карантиндік іс-шараларға жабылды - ТМЖ
АСТАНА. Қарашаның 28-і. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында тыныс жолының жіті вирустық инфекциясының өршуіне байланысты бірқатар білім мекемелері карантиндік іс-шараларға жабылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің хабарлауынша, Аягөз, Глубокоe, Зырянов және Бесқарағай аудандарындағы 11 мектеп пен 1 мектепке дейінгі мекемеде тыныс жолының жіті вирустық инфекциясына шалдығуына байланысты сабаққа келмегендер саны 1417-ге жеткен. Осыған орай аталған мектептер уақытша карантиндік іс-шараларға жабылған.