Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндірушілері Павлодар облысы мен «Семей орманы» табиғи қорығындағы өрттерді сөндіріп жатыр

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жақында, 18 сағат 20 минутта өрт сөндіруге қарсы бөлім операторына «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи қорының Жаңа Семей филиалынан аудандық алқаптағы орманның жанып жатқандығы туралы ақпарат келіп түскен.
None
None

Оқиға орнына Бесқарағай ауданының 2 өрт сөндіру қызметі жіберілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінде.

Өртену орнына келген соң жалынның 400 гектар аумақтай жерге жайылып кеткендігі анықталды. Өрт Шығыс Қазақстан аумағына Павлодар облысындағы 15 шақырым жердей аумақтан келген.

Сол күні өрт болып жатқан жерге Семей және Өскемен қалаларынан жеке құрамында 15 дана техника мен 73 адамы бар ШҚО ТЖД өрт сөндіру техникасының 3 колоннасы, Шығыс аймақтық аэромобильді жедел-құтқару жасағының 17 құтқарушысы мен «Медициналық апат орталығының» бригадасы жіберіледі.

Беген ауылдық округінің әкімдігімен бірлесе отырып Жандос ауылынан Беген ауылына 64 адам көшірілді. Сондай-ақ Беген ауылына Павлодар облысы, Жабағалы ауылының 174 тұрғыны көшірілді.

Қазір ШҚО ТЖД бөлімшелері «Семей Орманы» орман қорғау бөлімшелері, аудандық әкімдіктен құралған бөлімшелермен бірге «Семей Орманы» қорығындағы жалын ошақтарын сөндіріп, сондай-ақ Павлодар облысындағы тілсіз жауды тоқтатуға да көмектесіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар