Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шығыс Қазақстан облысының педагогтары референдумды қолдаған Үндеу қабылдады

ӨСКЕМЕН. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысының педагогтары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту туралы референдум өткізу туралы бастамаға бірауыздан қолдау білдірді.

Шығыс  Қазақстан   облысының  педагогтары    референдумды  қолдаған  Үндеу   қабылдады

Педагогтар қауымының жиналысына облыстың барлық аудандары мен қалаларынан 200-ден астам адам қатысты. Жаңашыл-педагог Қанипа Бітібаева ханым ұйытқы болған осынау жиналыстың қорытындысы бойынша, облыс педагогтары ҚР Тұңғыш Президентінің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдумды қолдап Үндеу қабылдады.