09:56, 07 Шілде 2010 | GMT +5
Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны қоқыстан танкіге қарсы қолданылатын мина тауып алды
АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны қоқыстан танкіге қарсы қолданылатын мина тауып алды,

деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданына қарасты Переменовка ауылынан 500 метр жердегі қоқыстан жергілікті тұрғындар минаға ұқсас зат тауып алды», деп нақтылай түскен баспасөз қызметі.
Арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында аталған заттың ТН 62 М маркілі танкіге қарсы қолданылатын мина екендігі анықталды. ТЖМ-нің хабарлауынша, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері жарылғыш затты жою үшін «Анна» шаруашылығының қоймасына орналастырған.