Шығыс Қазақстан облысының «Жас Отан» жастар қанаты құрдастарына үндеу қабылдады

Ол жас қазақстандықтарды жоғары білімді, бәсекеге қабілетті және ең бастысы - өз Отанының патриоттары болуға шақырды. «Сіздерді еліміздің игілікті дамуы үшін еңбек етуге, басты құндылықтарды құрметтеуге шақырамыз. Біздің халқымыздың және ұлт Көшбасшысының арқасында біз 20 жылдың ішінде басқа ұлттардың ғасырлар бойы қол жеткізе алмаған жетістіктерге жеттік». «Нұр Отан» саяси Кеңесінің отырысында оқылған «Жас Отан» жастар қанатының мәтінінде Отанға қызмет ету, үлкендерді құрметтеу, кішілерге, әлсіздерге көмектесу, бабаларды ардақтау, білімді болуға пейілденуге негізделген мемлекеттің адамгершіліктік іргетасын нығайтуға көп көңіл бөлінген.
Шығыс Қазақстан облысының жас партия мүшелері өз құрдастарын елді-мекендерді белсенді абаттандыруға, Отанды ішкі және сыртқы жаулардан қорғауға, халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға, алдағы парламенттік сайлауға белсенді атсалысуға шақырды.
«Нұр Отан» бөлімшесінің саяси Кеңесі Шығыс Қазақстанның жас партиялықтарының құрдастарына арнаған үндеуін мақұлдап, қолдау білдірді және оны Қазақстанның барлық аймақтарына таратуға кеңес берді.