Шығыс Қазақстанда 600 гектар далалық жер жанып кетті - ҚР ТЖМ

ТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда екі ірі дала өрті сөндірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
None
None

16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданындағы Үлкенбөкен ауылдық оругінің аумағында 13 қыркүйекте басталған дала өрті сөндірілді. Өрт 300 гектар жерді шарпыды. Құрбан болғандар және зардап шеккендер жоқ. Жалынды сөндіруге 164 адам мен 19 техника, соның шінде ШҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 36 адамнан құралған жеке құрамы және 9 техникасы; Үлкен бөкен орман шаруашылығының 7 адамы мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Сол күні ШҚО Зайсан ауданының Біржан ауылдық округі аумағында 15 қыркүйекте басталған өрт те сөндірілді. Жалын бұл жолы да 300 гектар аумақты шарпыды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 32 адам мен 7 бірлік техника қатыстырылды.

Соңғы жаңалықтар