Шығыс Қазақстанда ауыл әкімдерінің есеп беру кездесулері басталды
ӨСКЕМЕН. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысында ауыл округтері әкімдерінің есеп беру кездесулері басталды.
Бірінші болып Зайсан ауданындағы ауылдық округ әкімдері халықпен кездесті, осы уақытқа дейін ол жерде 10 есеп беру жиыны болып өтті. Кездесулер барысында халық әлеуметтік жағдайға, соның ішінде жергілікті жолдарды жақсартуға қатысты өз арыз-тілектерін жеткізді.
21 қаңтардан аудандар мен қала әкімдерінің есеп беру кездесулері басталады. Өскеменде қала әкімі облыс орталығындағы шағын аудандардың барлығын аралап, 10 есеп беру кездесуін өткізуді жоспарлауда. Қазірдің өзінде қалада халықтың ескертулері мен ұсыныс-пікірлерін жинауға арналған 16 жәшік орналастырылды.