17:31, 23 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстанда барлық бағыттағы жолдар жабылып, жолға шығуға тыйым салынды
ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Төтенше жағдайдар қызметі желтоқсанның 24-і күні сағат 9-дан бастап Шығыс Қазақстанда автокөліктің барлық түріне бүкіл бағыт бойынша жолға шығуға тыйым салынғанын хабарлады.

Аймақта ауаның температурасы күрт төмендеп 40 градусқа дейін аяз болады, қар жауып, боран көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.