Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту: су тасқыны болуы мүмкін

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңірдегі ТЖ департаменті су тасқыны болуы мүмкін деген дауылды ескерту ақпаратын жариялады.

Шығыс Қазақстанда дауылды ескерту: су тасқыны болуы мүмкін

«Қазгидромет» РМК филиалының хабарлауынша, жауын-шашынның мол болуынан және 18-20 шілде аралығында жаууы мүмкін жаңбырға байланысты Шығыс Қазақстан өзендері мен жылғаларында су деңгейі көтеріліп, су тасқыны және сел болуы мүмкін, делінген облыстық ТЖ департаментінің жедел ақпаратында.