Шығыс Қазақстанда екі ер адам көлікпен бірге суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ШҚО құтқарушылары тоғаннан екі ер азаматтың денесін шығарып алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстанда екі ер адам көлікпен бірге суға батып кетті

null

Кеше Меновновский ауылдық округінде, Герасимовка ауылынан 4 шақырым жерде құтқарушылар суға батып кеткен «Лада Гранта» автомобилінің салонынан екі ер кісінің денесін шығарып алды. Оларды бақташылардың бірі байқап қалған. Оқиға орнына сүңгуірлер жеткен.

null 

«Судың тереңдігі - 2,5-3 метр болған. Біздің мамандар автомобиль салонының ішінен екі ер кісінің денесін тапты. Машина суға толықтай батып кеткен екен, есіктер бекітілмеген. Көлікті ашып, олардың денесін жағаға шығардық, - деді Шығыс өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағы сүңгуір-құтқарушылар бөлімінің басшысы Андрей Лисянский. - Куәгерлердің айтуынша, қайғылы жағдайдың алдында суға батқан ер азаматтар 4 адам болып спирттік ішімдік ішкен. Екеуі үйіне қайтып келіп, қалған екі жолдасының жоғалғаны туралы хабар берген». 

null