Шығыс Қазақстанда инфляция республикалық деңгейден 0,5 пайызға жоғары - І жартыжылдықтың қорытындысы
ӨСКЕМЕН. 26 шілде. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұтынушы бағалардың индексі, ағымдағы жылдың І жартыжылдығында 105,6 пайызды құрады,
бұл республикалық деңгейден - 0,5 пайызға, 2010 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,7 пайызға жоғары.
Облыстың статистика басқармасынан хабарлағандай, тұтыну нарығында азық-түлік тауарларының бағасы -9,5 пайызға, азық-түліктік емес тауарлардың бағасы - 2,5 пайызға, қызмет көрсетулер 3,8 пайызға қымбаттаған.
2011 жылдың маусым айындағы инфляцияны алдыңғы айлармен салыстырар болсақ, ол айда да тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулердің тарифтері 0,5 пайызға қымбаттағанын көруге болады.