Шығыс Қазақстанда қатты жел тұрып, бұрқасын болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
None
None

9 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, екпіні - 25 м/с.

Ертең Өскемен қаласында бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің қарқыны 15-20 м/с-ке жетуі ықтимал.

Семейде 9 қаңтарда бұрқасын, жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел тұрады.

Соңғы жаңалықтар