Шығыс Қазақстанда миллион тоннадан астам астық жиналды

ӨСКЕМЕН. 10 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда аймақ үшін мол өнім болып саналатын миллион тоннадан астам астық жиналды. Астық жинау науқаны суыққа ұрынбай уақыты аяқталды. Өткен жылы осы уақытта 630 мың тоннадай астық бастырылған еді.
None
None

Ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүсембай Селихановтың ақпараты бойынша, орташа өнімділік 1 гектардан 18,3 центнерді құрайды. Сақтауға 100 мың тоннадан астам тұқымдық дән жіберілген.

Тұқым сапасына келсек, биылғы жылы оның 80 пайызын бірінші және екінші сортты тұқым құрайды. Тұқым өсіру шаруашылығында тұқым тазалауға арналған заманауи жабдықтарды алғаш қолданған Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ҒЗИ мамандары да зор жұмыс атқарды. Сонымен қатар, биылғы жылы минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі 70%-дан асып отыр. Егістік жұмыстарына дайындық барысында озық технологиялар кеңінен пайдаланылды. Мысалы, жылу сақтаушы технологиялар 370 мың гектар дәнді-дақылға қолданылды.

Бүгін аймақта күнбағыс жинаудың соңғы кезеңі өтуде. Майлы күнбағыстың орташа өнімділігі - 1 гектардан 11, 4 центнерден шықты.

Соңғы жаңалықтар