Шығыс Қазақстанда тасқын су қаупі ең аз дегенде тағы үш тәулік сақталады

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында тасқын су қаупіне байланысты тағы да ескерту жарияланды,

Шығыс Қазақстанда  тасқын  су  қаупі  ең аз дегенде тағы  үш тәулік сақталады

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Күннің жылыну және жауын-шашынның ықтималдығына байланысты сәуірдің 7-сі мен 9-ы аралығында Шығыс Қазақстанның өзендерінде су деңгейі көтерілуі, тау етектеріне мол судың жиналуы, өзен сулары арналарынан тасуы мүмкін», делінген «Қазгидрометтің» хабарламасында.

Синоптиктердің болжамы бойынша, сондай-ақ, алдағы тәулікте жауын-шашынның ықтималдығына байланысты Оңтүстік Қазақстанның тау өзендерінде су деңгейі көтерілуі мүмкін.