Шығыс Қазақстанда үш пара беруші ұсталды

АСТАНА.  Тамыздың  14-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан  Хасенов/ -   Шығыс  Қазақстанның  пенитенциарлық  жүйесінде    жемқорлықпен  белсенді күрес  жүргізіліп жатыр.

Шығыс  Қазақстанда  үш пара  беруші  ұсталды


Оған   фактілер  айғақ.   Бұған  дейін, шілденің 24-і мен тамыздың  6-сында ҚазАқпарат,   сотталғандарға   кезектен  тыс сәлем-саухат   беруге  рұқсат алу  үшін түрме  бақылаушыларына  ақша бермек  болған    азаматтарды  қаржы полициясының  ұстағанын  хабарлаған болатын.

 Міне,  тағы бір сондай оқиға тіркеліп отыр:     қылмыстық-атқару  жүйесінің  қызметкерлері мен қаржы полициясы    әділет  капитаны, қылмыстық-атқару  инспекциясы    қызметкеріне  ақшалай    сыйлық беру  кезінде Өскеменнің 42   жастағы тұрғынын   ұстады. Әлгі   азамат  жаза шартын   бұзған   бір жыл   шартты мерзімге   сотталған азаматқа жаза   қабылдамау үшін      параны  лауазымды  тұлғаға бермек  болған.

Құзырлы органдар     процессуалдық  шешім қабылдау   жөніндегі мәселені  қарап  жатыр.