Шығыс Қазақстанда жаңа ұлттық табиғи парк пайда болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында жаңа ұлттық табиғи парк құрылады.
None
None

Ол Үржар ауданында орналасатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы барысында мәлім болды. Жобаланып жатқан Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы 143,5 мың гектарды құрамақ.

«Парк табиғи кешендердің биологиялық және ландшафттық әр алуандығын сақтау үшін жасақталады», - деп нақтылады ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Виктория Барсукова.

Ұлттық табиғи парк алты бөліктен тұратыны жоспарлануда, оған Тарбағатай жотасының бір бөлігі, Қарабас пен Арқалы тауларының бір бөлігі, сондай-ақ Үржар, Қызылсу және Емел өзендері алқаптарының учаскелері енетін болады. 

Соңғы жаңалықтар