Шығыс Қазақстанда жасы жүзден асқан 40 қария тұрады
СЕМЕЙ. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаменті Ұлттық санақ барысында алынған мәліметтермен жұмысты жалғастыруда.
Жүргізілген жұмыстардың барысында Шығыс Қазақстанның аумағында жастары жүзден асқан 40 қария тұратыны анықталып отыр. Екі кейуананың жасы 109-дан асқан. Олар - Күршім және Тарбағатай ауылдарының тұрғындары Мейіз Омарова мен Нұртия Жақсыбаева, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қариялардың көпшілігі Семей қаласында, Аягөз және Үржар аудандарында тіркелген. Алдын-ала мәліметтер бойынша, Шығыс Қазақстанда барлығы 1 миллион 400 адам өмір сүреді, бұл 2009 жылдың басындағы есептік көрсеткіштен 0,04 пайызға жоғары. Халық саны бойынша Семей тұрғындарының саны облыс орталығында тұратындардан әлдеқайда көп.Халық санағының нақты қорытындысы күзге қарай мәлім болады.