09:10, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
                                        Шығыс Қазақстанда жол-көлік оқиғасында екі адам қаза болып, үш адам жараланды
                                            АСТАНА.  Ақпанның  4-і.  ҚазАқпарат -   Шығыс Қазақстан   облысында Семей-Өскемен тас жолының 25-ші шақырымында  үлкен жол-көлік  оқиғасы  орын  алды. 
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                    
 «Мазда»  және   «Даймлер-Бенц» көліктерінің  соқтығысуы  салдарынан  екі адам қаза болып, үш  адам түрлі  жарақатпен  ауруханаға түсті,  деп   хабарлайды ҚазАқпарат   Төтенше жағдайлар  министрлігінің баспасөз қызметіне  сілтеме  жасап. Жол оқиғасы ақпанның 3-і күні кешке    болған. Оқиға орнында  «Мазда» көлігінің   екі жолаушысы: 44 жастағы еркек пен  47  жастағы  әйел     қайтыс болды. «Мазданың»  жүргізушісі мен  тағы екі жолаушысы   түрлі   жарақатпен  ауруханаға  жеткізілді.