Шығыс Қазақстандағы 5 мектеп апатты жағдайда тұр

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы 5 мектеп апатты жағдайда тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің мәліметіне сүйенсек, мамандар мектептердің алдағы оқу жылына дайындығын тексерген. Барлығы 642 білім ордасына бақылау жасалды.

«61 мектепте компьютерлік сыныптар жоқтығы анықталды. Компьютерлердің 20 пайызы ескірген. Интерактивті тақталардың 15 пайызы жұмыс істемейді. Мектептердің 62 пайызындағы физика, химия, биология кабинеттері ескі модификацияда», - дейді департамент басшысы Зейнеп Махсутова.

Оның айтуынша, білім беру мекемелерінің 87 пайызында ғана спорт залы бар. Ал олардың жартысынан астамы спорттық құрал-жабдықтармен жабдықталмаған. Мектептердің 35 пайызында бейнебақылау жүйесі бекітілген стандарттарға сәйкес келмейді.

«Мониторинг барысында 5 апаттық және 7 апаттық жағдайға дейінгі мектеп анықталып отыр. Облыстың 80 мектебі күрделі жөндеу жұмыстары қажет етеді. Қазіргі уақытта оның сегізінде ғана жұмыс жүргізілуде», - дейді Зейнеп Махсутова.


Соңғы жаңалықтар