Шығыс Қазақстанның әділет органдарына шалғай аудандарда халыққа қызмет көрсетудің мүмкіндіктерін кеңейту ұсынылды - алқа мәжілісі

ӨСКЕМЕН. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жалпы мемлекеттік органдардың қызметі туралы адамдардың ой-пікірлері әділет органдарының жұмысына да қатысты.
None
None

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің алқа мәжілісінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаев мәлім етті.

Әділет департаментінің қызметкерлеріне арнаған сөзінде, аймақ басшысы, «мұндай жауапкершіліктің олардан кәсібилікті, жеделдікті, әділдікті және тәртіпті талап ететінін» атап көрсетті.

Б. Сапарбаев өз сөзінде сондай-ақ, аймаққа жасаған жұмыс сапарларының кезінде тұрғындардан, халыққа қызмет көрсету орталықтарының мүмкіндіктерін кеңейту, әсіресе шалғай аудандарда филиалдарын ашу туралы ұсыныстар түскенін жеткізді.

«Қазір халыққа қызмет көрсету орталықтары жергілікті атқарушы органдардың қарауына берілді, бұл жағдай жұмысқа кері әсер етпеуі керек», деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.

Әкім департамент басшылығына шалғай елді мекендерде орталық филиалдарын ашудың немесе халыққа қызмет көрсетудің көшпелі күндерін тұрақты ұйымдастырудың мүмкіндіктерін қарастыруға кеңес берді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум