Шығыс Қазақстанның ауыл тұрғындарына құтқарушылар көмектесуде

СЕМЕЙ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Жолдарды қалың қардың жауып қалуы және бірнеше күн бойы беті қайтпай отырған сары аяздың салдарынан Шығыс Қазақстанның жекелеген елді мекендеріне азық-түліктер мен дәрі-дәрмектер жеткізілімімен байланысты жағдай қиындап отыр.

Шығыс  Қазақстанның ауыл тұрғындарына    құтқарушылар көмектесуде

Осындай жағдайда ауыл тұрғындарына төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері ведомствосының қызметкерлері көмекке келіп отыр.

Төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өткен тәулікте Тарбағатай ауданындағы Көкжал ауылынан қоңырау шалынып, екі науқастың жедел медициналық көмекке мұқтаждығы туралы хабарланды. Хабар түсе салысымен, ПЧ-59 бөлімінің қызметкерлері мелициналық қызметкерлерімен бірге 75 шақырым қашықтықты жүріп өтіп, ауылға жетті. Науқастарға сол жерде көмек көрсетіліп, одан кейін жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды.

Ал Көкпекті ауданындағы Биғаш селолық округі Егінбұлақ ауылының тұрғындары жолдың жабылып қалуы салдарынан азық-түліксіз және дәрі-дәрмексіз қалды. Дабыл түсе салысымен, ПЧ-58 бөлімінің қызметкерлері жолсызбен жүретін техниканың көмегімен ауылға барлық керек-жарақты жеткізді.