12:51, 12 Мамыр 2009 | GMT +5
Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында үздік ауыл мектебі анықталды
СЕМЕЙ Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында «Үздік ауыл мұғалімі-2009» конкурсы өтті.

Осы атақ үшін аудандағы 13 мектептің ұстаздары білім сайысына түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Үш кезеңнен кейін ақтық сынға - шеберлік сабақтарын өткізу кезеңіне алты мұғалім шықты. Нәтижесінде конкурстың бас жүлдесін Борасын мектеп-балабақшасының ән-күй мұғалімі Ольга Құрбатова жеңіп алды. Конкурсқа қатысушылардың бірқатары сонымен бірге «Еңбекқор мұғалім», «Дарынды мұғалім», «Өз ісінің шебері» деген атақтарға ие болды.